Бүгін – 11 шілде (кейбір деректе 24 шілде) Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) өмірге келген күні, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шәкәрім Құдайбердіұлы дана Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер. Ол бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстаудың бөктерінде 1858 жылы дүниеге келген.
Семей қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Семейде Орталық саябақтағы Шәкәрім ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.
Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай, туған өлкесі Семейде бастау алған «Шәкәрім жүрген ізбенен» шарасы бүгін 11 шілде күні ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым ету рәсімінен басталды.
Іс- шараға еліміздің әр өңірінен, Астана, Алматы, Павлодар, Теміртау қалаларынан келген ақын ұрпақтары қатысты. Алғашқы құттықтау сөз Абай облысының әкімі Нұрлан Телманұлы Ұранхаевқа берілді.
Сонымен бірге республикалық «Абай» қорының Президенті Отантай Кәріпжанов және ақынның шөбересі Нұрлан Мерекеұлы Зият сөз сөйледі. Бағдарлама аясында 11-12 шілде күндері Семейде және Абай ауданында кемеңгер ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, халық жадында қалдыру мақсатында көптеген іс-шаралар өтеді.
11 ТАМЫЗ емес, ШІЛДЕ