Бір күні Мұса пайғамбар (Алланың оған сәлемі болсын) Алладан бұл дүниедегі жәннаттағы көршісіннің кім екендігін және көрсетуін сұрап дұға етеді. Сол кезде Алланың рұқсатымен Жебірейіл періште келіп:
– «Сенің жәннатағы көршің әрі серігің пәленше жерде тұратын пәленше деген қасапшы» деп жауап беріпті. Мұса пайғамбар да дереу періште айтқан ауылдағы қасапшының дүкеніне барған екен. Сол кезде ет сатумен айналысып жатқан жас жігітті көріп, жігіттің істерін жақыннан бақылап, бірақ ешбір ерекшелікті байқамапты.
Кеш батқан кезде қасапшы жігіт аздап ет алып үйіне қайтты. Мұса пайғамбарда оған жақыннан ілесіп барып, қонақ қылуын сұрайды. Бірақ өзіннің кім екенін таныстырмапты. Әлгі жас жігітте кең пейілмен қарсы алып, үйіне кіргізіп қонақ қылған екен. Үйіне кіргенде өздігінен әрекет ете алмайтын науқас қартайған әжеден басқа ешкім жоқ екен.
Мұса пайғамбарда (Алланың оған сәлемі болсын) бақылауын жалғастыра береді. Әлгі жігіт тамақ дайындап, қартайған әжені жуындырып, киімін ауыстырып қолымен тамақ беріп болғаннан кейін жайына қайта жайғастырады.
Кейін Мұса пайғамбар әлгі қарт әженің түсініксіз тілде бір нәрсе айтып жатқанын естиді.
Әжені тамақтандырғаннан кейін қонағын күтіп, тағам әкеліп бірге тамақ іше бастайды. Мұса пайғамбар қария әже жайында сұрайды. Жігіт:
– «Бұл менің анам, мен оның қызметіндемін» деп жауап берді. Содан кейін Мұса:
– «Анаң өз тілінде не деп айтып жатыр?» деді. Ол: «Әрдайым мен оған қызмет жасаған кезімде анам маған:
– «Алла сені кешірсін және сені қиямет күні Мұса пайғамбардың көршісі әрі серігі етсін», деп ақ батасын береді деді. Сол кезде Мұса пайғамбар:
– «Ей достым! Мен сенен сүйінші сұраймын. Алла анаңның дұғасын қабыл етті. Сені байқап едім анаңды ұлықтап, құрмет жасап, жақсылық істегеніңнен басқа амал көрмедім, сенің бұл деңгейің ата-анаңа деген құрметің және жақсылығың» деді.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге жақсылық қылыңдар» деген (Ниса сүресі, 36-аят).
Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында» дейді. Кейбір сахабалар былай деген: «Кімде-кім ата-анаға дұға қылуын тоқтатын болса, ризығы тарылады» десе, ізгі жандардың бірі: «Ата-анасына жақсылық қылған адамның Алла ғұмырын ұзақ қылады» деген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
kazislam.kz