Алматы облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Ербол Кәкімсейітовтің айтуынша, деструктивті діни ағымдар әлі күнге әлеуметтік желіде қарқынды жұмыс істеп жатыр. Олар әртүрлі топтар ашады, бірақ бастапқыда оның тақырыбы басқа болады. «Мынадай факт анықталған. Адам 10 мың қолданушы бір топқа кіреді. Ол жерде негізінен музыка жарияланады. Кейін топты діни ағым өкілдері сатып алып, ол жерге діни материалдар жариялай бастайды» дейді ол. Толығырақ видеода.