Дағыстандағы коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханадан жергілікті 100 жастағы тұрғын емделіп шықты. Дәрігерлердің айтуынша, Казамат Казаматовтың жағдайы қазір бірқалыпты.
“Махачкаладағы №1 қалалық клиникалық ауруханадан коронавирус індетін еңсерген 100 жастағы пациент емделіп шықты. Ол ауруханаға 10 күн бұрын түскен болатын. Жағдайы ауыр еді. Өткен бейсенбіден бастап ол өздігінен дем алып, жағдайы жақсара түсті. Бүгін дәрігерлер ақсақалды үйіне қайтару туралы шешім қабылдады”, – деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Бір қызығы, Казамат Казаматов өзінің 100 жасқа толған мерейтойын 15 маусым күні осы ауруханада жатып атап өткен.