Оңтүстік Африка Республикасының тұрғыны өмірге бірден 10 бала әкеліп, әлем рекордын жаңартты.
Бұл туралы жергілікті IOL порталы хабарлады.
Елдің Гаутенг провинциясында тұратын 37 жастағы Гасиаме Тамара Ситоле жүктіліктің сегізінші айында жеті ұл мен үш қызды өмірге әкелді. Бір қызығы, дәрігерлер алдын ала 8 бала болады деп болжаған еді.
Бұған дейінгі әлем рекорды тек бір ай ғана тұрды. Өткен мамыр айында Мали елінің тұрғыны бірден 9 бала босанған болатын.