Елуді еңсерген Руслан Омарғазиннің сүйген жары, баянды махаббаттан туған балалары, жанашыр бауырлары да болды. Бірақ, псевдосалафизм идеологиясы ақылын жеңіп, бүгінде ол жалғыз қалды. Ол сыбайластарымен бірге Алматы облысындағы кәсіпкерлердің бірін тонамақ болған.
Бірақ, күштік құрылымдар қылмысқа жетпей кісендепті. Діни алауыздық тудырып, терроризмді насихаттағаны үшін сот оны абақтыға жеті жылға қамады.