Шымкент орталық мешітінде имамдардың 2024 жылы атқаратын жұмыс жоспарын талқылау мәжілісі өтті.
Жиынға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Қазыбек Сарыбаев, Нұржан Қасимбек, іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қала имамының кеңесшісі Бекайдар Төлжанұлы және өзге де дін қызметкерлері қатысты.
Бас имам Бақдәулет Нұрматұлы тарапынан жастар тәрбиесі, ізгі қоғам, діни оңалту бағыты, дін мен дәстүр, діни сауат ашу және уағыз-насихат, кітап және баспа өнімдері, сараптама жұмыстары мен халал ісі бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді.
Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін наиб имамдар тарапынан бірқатар мешіт имамдары мен сала жетекшілерінің жұмысының салғырттығына байланысты ескертулер жасалды. Ал керісінше өткен жылы нәтижелі жұмыс атқарған мешіт имамдарына, мешіт тазалықшылары мен шаруашылық бөлімінің қызметкерлеріне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти хазреттің алғыс хаты табысталды.
Мәжілісі барысында 2024 жылы атқарылатын жұмыс жоспары таныстырылып, әрбір бағыт бойынша белсенді болуға шақырды.