6 ақпан. KAZISLAM – Еуропа Парламентінде «Қазақстан тәжірибесі: Сириядағы содырлардың отбасыларын елге қайтару» атты тақырыпта конференция өтіп, онда еліміздің сарапшылары «Жусан» гуманитарлық операциясы туралы баяндады.

Конференция барысында «Жусан» операциясы аясында елге оралған қарағандылық Сабинелла Аязбаева да сөз сөйледі. Қалың көпшілік оның бес баласымен бірген Сирияда өткізген күндері туралы әңгімесін ұйып тыңдады.

Конференцияның соңында жиынға қатысушылар қазақстандық тараптың кешенді оңалту жұмыстарын жоғары бағалады. Қалың көпшілік әскери қақтығыстар аймағынан адамдарды эвакуациялау бойынша еліміздің тәжірибесін үйренудің пайдалы екендігін айтты.

Пікір жазу