Сұрақ: «Жусан-1», «Жусан-2» және «Жусан-3»» операциялары барысында Сириядан қанша адам қайтарылды?

Жауап: 2019 жылғы 9 қаңтарда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Жусан-1» арнайы операциясы жүзеге асырылып, нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы Сириядан елімізге қайтарылды.

2019 жылғы 7 және 9 мамыр күндері «Жусан-2» операциясы аясында Сириядан Қазақстанның 231 азаматы (соның ішінде олардың 159-ы – бала) елге жеткізілген болатын.

2019 жылғы мамыр айының 28-31 күндері «Жусан-3» операциясы жүзеге асырылды. Еліміздің азаматтарын Сириядан қайтару операциясының үшінші кезінде Сириядан 67 әйел адам, 171 бала елге қайтарылған.

Жалпы Сириядан қазақстандық азаматтарды елге жеткізу бойынша кешенді гуманитарлық «Жусан» операциялары барысында елге жалпы 516 қазақстандық жеткізілді. Оның 357-сі бала.

Балғабек МЫРЗАЕВ

1 Пікір

  1. «Жусан» операциясы туралы естіп, біраз қуанып қалдық. Қанша дегенмен өзіміздің қара домалақтарымыз ғой. Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ, кешірімді болайық.

Comments are closed.