hadis-sharip инстаграм парақшасынан:

Әбу Саләма (р.а.) айтады:

«Бірде Маруада (1) Абдулла ибн Омар мен Абдулла ибн Ғамр (р.а.) кездесіп, біраз уақыт әңгімелесті. Кейін Абдулла ибн Ғамр (р.а.) кетіп, Абдулла ибн Омар (р.а.) қалды.

Абдулла ибн Омар (р.а.) жылап тұрған болатын. Сонда біреу: «Уа, Абдур-Рохманның әкесі! Неге жылайсың?» – деп сұрады. Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деді:

«Мына кісі, яғни Абдулла ибн Ғамр (р.а.), дәл қазір Нәбидің (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Хақ Тағала жүрегінде қыша дәнінің көлеміндей тәкаппарлық болған пендені етпетінен жатқызылған күйде тозаққа тастайды», – деп айтқанын естігені жайында айтты».

(Ахмет және Табарони)

  • Маруа – төбенің аты.

Дереккөз: رواه أحمد والطبراني في الكبسر ورجاله رجال الصحيح، مجمع الزوائد 1/282

Пікір жазу