Жомарттыққа шақыратын аяттар мен хадистер

1563

Ислам діні – Аллаһ жолында жұмсалған қаражаттың бізге кері қайтарылатынын ескерте отырып, жомарт болуымыз жайында кеңес береді. Біз Құран Кәрімде айтылған аяттар мен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерінде айтылған жомарттық туралы өсиеттерін назарларыңызға ұсынамыз.

Алланың өзі берген нығметтері арқылы қайырымдылықта жомарт болу – Раббымызға ризашылығымызды білдірудің ең жақсы тәсілі. Нәпсіні сараңдық пен ысыраптан құтқару, Алла жолында қайырымдылық жасау және мұқтаж адамдарға сый-сияпат пен қаржылай көмек беру шариғаттың негізгі шарттары болып есептеледі.

Жаратқан Иеміз құлдарының ішіндегі өзі қалағандарының несібесін арттырады немесе кейбіреулерінің ризығын тапшы қылып шектейді. Алла жолында жұмсаған мал-дәулеттеріңнің орнын толтырып, қайтарады. Уа Мұхаммед, дәулет берушілердің ең жомарты (Алла) деп айтқан оларға.

«Сәбә» сүресі, 39-аят

Қандай қайыр-садақа берсеңдер де, пайдасы өздеріңе тиеді. Тек Алланың разылығын тілеп қана беріңдер. Өз игіліктеріңнен не жұмсасаңдар да, сендерге толық қайтарылады, ешқандай әділетсіздікке ұшырамайсыңдар.

«Бақара» сүресі, 272-аят

Қандайда болмасын игілікті іс жасасаңдар, Алла – бәрін білуші.

«Бақара» сүресі, 273-аят

Ибн Мәсудтан (р.а) риуаят етілген бір хадисте Хазреті Пайғамбарымыз былай деп бұйырады: Мына екі адамға ғана қызғанышпен қарауға болады: Алла Тағала берген мүлкін ақиқат жолында жұмсауға өзін мәжбүрлеген және Алла Тағала оған рақым етіп, ілім мен ғылым үйреткен, сондай-ақ осы үйренгенімен үкім етіп, әрі үйреткен адамдар.

                                                                                                  (Бұқари, Мүслім)

Ади бин Хатимнен (р.а) риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) былай деп бұйырған: «Бір құрманың жартысы болса да, садақа беріп өздеріңді (тозақтың) отынан қорғаңдар».

                                                                                                   (Бұхари, Мүслім)

Әбу Хурайра (р.а) риуаят етілген бір хадисте, Алланың елшісі былай деп бұйырған: «Садақа, мүлікті кемітпейді. Алла кешірген пендесінің тек мәртебесін өсіреді. Алла үшін кешірім болғанды, Алла Тағала даңқын арттырады.

                                                                                                            (Мүслім)

Адамдарға әр таңда екі періште келеді. Біреуі: «Аллам, мүлкін қайырымдылық үшін жұмсаған мына пендеңе, берілген мүлкіңнің жаңасынан бер» – дейді. Екіншісі де: «Аллам, мүлкінде сараң болып, бермей қалған мына пендеңнің мүлкін берекетсіздендір» – дейді.

                                                                                                   (Бұхари, Мүслім)

Әбу Хурайрадан (р.а) риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) былай деп бұйырған: Алла Тағала былай деп бұйырды: «Уа Адам баласы, өз нәпақаңнан бер, сағанда нәпақа берілсін»

(Бұхари, Мүслім)

Абдуллаһ бин Амр бин Ас (р.а) айтып берді: Бір күні Пайғамбарымыздан – мұсылмандықта қандай іс-әрекет ең қайрылысы деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Тамақ жегізген, танығанына және танымағанына да сәлем берген»- деп жауап берді.

(Бұхари, Мүслім)

Хазреті Айша (р.а) риуаят етілген бір хадисте: «Пайғамбарымыздың жанұясы бір қой сойды және оны мұқтаж жандарға таратты. Ардақты Пайғамбар: «сойған малдан не қалды?» – деді. «Тек жауырын сүйегі қалды» – деген жауапты естігенде: «Олай  болса, сол жауыын сүйегінен басқасының барлығы орнында тұр» – деп бұйырды.

(Тирмизи)

Хз. Әбу Бәкірдің қызы Әсма (ра) айтып берді: Пайғамбарымыз маған былай деді: «Қалтаның аузын бума, сенің несібеңде байланады.»

Бір басқа риуаятта: Мүлкіңнен сараңдық жасама, Аллада сенің несібеңді тоқтатады.

(Мүслім, Бұхари)

Әбу Хурайра (р.а) риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз былай деп бұйырған: Бір адам адал табысынан бір құрма ауырлығындай болса да садақа берсе, Алла адал болғанын қабыл етеді, Алла ол садақаны үлкен бір қуанышпен қарсы алады.

(Бұхари, Мүслім)

Өнегелі өмірдің талабы қаржыда емес, қарапайымдылықта. Алланың адал берген ризық несібесімен бөлісе білген қазақ халқы, ашаршылық жылдарында жер аударылып келген көптеген халыққа қол ұшын созып, көмегін беріп, қазақ ұлтының мәдениеті мен өмір сүру салтындағы қайырымдылықтың қазынасын көрсете білді. Біз дана халықтың ұлы екенімізді ұмытпай, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп рухани дами берейік!

Исатай Бердалиев

Пікір жазу