– Мұның не? – деп сұрайды. Қыз тіл қатпай тұра береді. Әбден сұрақтың астына алғаннан соң қысылып тұрған қыз шынын айтады:
– Мен жетіммін. Менің асырап жатқан бауырларым бар. Біраздан бері ашпыз. Біздің бұл хәлімізден көрші –қолаңдарымыз бейхабар, – дейді. Мұны естіген сахаба тұрарға жер таппай кідірместен қажылыққа жинаған мың динарынан қайтар жол шығының ғана алып қалады да, қалған ақшасының бәрін әлгі жетімдерге береді. Сөйтіп ол кісі қасындағыларға:
– Жетімдеріміз қараусыз қалғаны сонша олар қоқыстан өлген тауықтың харам етін жеуге мәжбүр болып жүр. Оларды осындай жағдайға жеткізіп біз қалай ғана қажылық жасай аламыз, – деп кері қайтқан екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ
дінтанушы