Алматылықтар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып, рухтарына тағзым етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Тәуелсіздік таңы» монументіне мемлекет қайраткерлері, Алматы әкімдігінің өкілдері, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар және жастар ұйымдарының мүшелері гүл шоқтарын қойды.

Содан кейін жиналғандар бір минут үнсіздікпен қаза болғандарды еске алды. Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арнап Құран бағыштады.

Кеше,16 желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай қаладағы Тәуелсіздік монументіне қала басшылығы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық және жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоғын қойған болатын.

Пікір жазу