21 мамыр. KAZISLAM – Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы Қарағанды мемлекеттік техникалық универстетінің №1 жатақханасындағы студенттермен «Деструктивті діни ағымдар және жастар арасында оларға иммунитет қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуге Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының инспекторы Б.Күзекбай, облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Н.Мұсабеков және университеттің аға оқытушысы, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Ж.Түсіпбеков қатысты.

Іс-шара мақсаты мемлекеттің дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитетті қалыптастыру.

Мамандар тарапынан діни экстремизмнің алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде жалған ақпараттардың жолын кесу, қоғамда діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керектігі айтылды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі

Сондай-ақ ғаламтордағы әлеуметтік желілерде теріс ақпарат таратушы топтардың қауіптілігі жеткізіліп, дін саласындағы дұрыс ақпаратты qogam.gov.kz, dincentr-krg.kz, каzislam.kz, muftiat.kz, ihsan.kz секілді ақпараттық порталдарды қолдану қажеттігі түсіндірілді.