26 ақпан. KAZISLAM – Cалафизм бағытын ұстынушылардың сөзіне сеніп, адасқан тағы бір ақтөбелік азамат ағынан жарылды. Жергілікті теологтар жат ағым етегіне еріп, бірнеше мазхабты ұстанған тұрғынның өкініші айтылған видео дайындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының тұрғыны Берік Мақашев осыған дейін псевдосалафилік бағыт ұстанушысы болған.

Аты шыққан уағызшы Дарын Мубаровты көп тыңдап, сол кісінің сеніміне, уағызына еріп, елімізде мұсылмандар ұстанатын Әбу Ханафи мазхабынан алыстап кеткен. Адасушы болған азамат иланып келген ұстаздарының қате пікірлерін кейін түсінгенін бейнежазбада мәлімдеді.

 

Пікір жазу