Жастардың өзіне және іс-әрекетін құптауы мен мақұлдауындағы ең бірінші фактор ол – ата-анасының оған сеніммен қарауы. Қателескенде қайта сол қателікті қайталамауы мен сүрінгенде демеу беру ата-ананың бала бойындағы алғашқы тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Мәселен, дүкенге барғанда таңдауына сену, оқығысы келген кітапты өз еркімен және киім үлгісінде де балаға таңдау құқығын беру секілді. Осылайша, өзіне сеніп артып отырғанын сезініп өскен бала, жауапкершілік міндетінде мойнына алып үйренеді.

Жауапкершілік алып оны сезіне білген бала өзін тұлға ретінде көріп, өзіне берілген мүмкіндіктерді дәлелдеуге тырысып бағады. Жанұя бала бойында тұнып тұрған тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын әрі оны жүзеге асыратын жер, ол – өз үйі және ең жақындарының ортасы.

Үйге келген қонақпен амандасу, қонақпен сұхбат ету және өз ойын еркін жеткізе білу арқылы ішкі әрі сыртқы келбеті де дамиды. Қонақ келсе екінші бөлмеге қуып жіберетін балаларда, ата-анам қонақ алдында менің қателігімді көрмесін деген ой пайда болады әрі өзіне деген сенімсіздік басым болып, қоғаммен және жақын туыстары мен қарым-қатынас осылайша бірте-бірте үзіле береді. Уақыт өте келе балалар қоғаммен және жақын туыстармен қарым-қатынасы түбегейлі үзіліп қалғанын көреміз.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Жалған хабар таратқандарға қандай жаза қолданылады?

Дана қазақ халқымымыздың «Балам деген жұрт болмаса – жұртым деген ұл қайдан болсын», «Баланы бастан», «Жастар өспей ма көкейді теспей ме», «Болар бала болмысынан» деген нақылдарының мәні осыда болса керек.

Қазіргі таңда, жастардың басым көпшілігі ұялы телефонға үңіліп қатігез ойындар мен қажетсіз ақпараттарды бойына сіңіріп өсуде, ата-аналары да қажеттілігінің барлығын сұрамастан алдына жайып салуда. Баланы жатып ішерлік пен жалқаулыққа емес болашақ өміріне бейімді етіп тұлғалық дәрежеде тәрбиелеу әрбір ата-ананың басты міндеті екенімізді ұмытпағанымыз абзал.

Пайғамбарымыздың хадистерін жинақтаған Ибн Мажә «Тәрбие» туралы мынадай хадис жеткізген: «Уа Алла! Жақсылық жасағанда сүйініп, қателік жасағанда тәубеге келіп кешірім сұрай алатын пенделеріңнен ете гөр» [1] деп дұға жасауға шақырады.

[1] Сунәну Ибни Мәжа. «Тәрбие» бабы.

Бердалиев Исатай

Пікір жазу