25 ақпан. KAZISLAM – Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің Экономика және құқық институты студенттерімен кездесті.

Кездесу Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, жастар арасында тағатты діни сананы қалыптастыру мен рухани құндылықтарды түсіндіру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Шарада Облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары А.Боранбаев және бөлім басшысы Н.Тәшімов «Жастар және қоғам» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде студенттерге деструктивті діни ағымдар, «Жусан» операциясының мәні туралы бейнероликтер көрсетілді.

Пікір жазу