Адамға сауап әкелетін үш іс бар. Ол – салынған көпір, салынған мешіт, егіл-­ген ағаш. Осы ауылдың тумалары, бүгінде Алматыда тұратын белгілі кәсіпкерлер Сайран, Мейрам, Дәурен Сәлімұлдары аяулы аналары, зейнеткер ұстаз Гүлши­ра Шайдолдинаның бастамасымен туған жеріне ат басын бұрып, қаражатын көте­ре Алланың зәулім үйін ораза алдында өз ауылдарына тарту етуі өмірден өткен әкелері Сәлімнің саналы ғұмырындағы еңбектері мен аналары Гүлшираның мектеп қабырғасында жылдар бойғы ұстаздық еткен қызметінің нәтижесі бо­лар. Бүгінге дейін бұл ауылда мешіт, мол­да болмаған. Ауыл тұрғындары имандылық қажетін өтеп, сауалдарына жауап табу үшін орталыққа ағылатын. Ал бүгін жер­лестерін қуанышқа жеткізіп отыр. Осындай ақ түйенің қарны жарылған күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, аудан әкімі Алмас Оңдағанов осы мәселелер­ді айта келе, Дінбасына ата-баба дәстүрі­­мен ақиық шапан жауып, мешіт салушы ағайындарға ат мінгізді. 

Өскемен аймағына қарасты имам-молдаларының діни білімі толғанды­рып, жыл сайын орталықта білімін жетіл­діру ұйымдастырылып келеді. Баршамызға Бас мүфтиіміздің қояр талабы осы. Орталық­тан шалғай жатқан ауыл имам-мол­да­ларының біліктілігін арттыру мен қыз­меті бүгінгі күннің сұранысына сай болуын қадағалау үшін, облыстық мешітте аймақ­қа қарасты ауыл молдалары мен мешіт жамиғатына арнайы үш апталық кур­сы өзінің кезекті жұмысын аяқтады. Жинал­ған имам-молдалар мен жамиғатқа сәт­тілік тілеген Бас мүфти ағынан жарыла батасын берді. Соңында облыс имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы арнайы куә­ліктер табыстады. Дәріс алушыларға са­раптамадан өткен діни кітаптар мен уа­ғыз-насихат таспалары тегін үлестіріл­ді. Дәрістің ерекшелігі, жатын орны мен үш мезгіл ауқаты облыстық мешіттің көте­руінде болды. 

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Індет жұқтырғандар саны 200 млн адамға жуықтады

Дінімізге еркіндік тигелі руханиятымыз түледі, имани дәстүрлеріміз қайта жан­данды. Балаға азан шақырып ат қою, мұсылмандық неке қию іс-шараларын мешітте өткізу үрдіске айналды. Өскемен­де облыстық мешіт ашылғалы мыңға жуық отбасының ақ некелері қиылды. Бір қуанары, бес қабатты мешіттің бір қабаты арнайы некеге арналған. Бұл некеге оты­рушы жастарға көңілдің ерекше бөлінуі деп ұғыну керек.

Некелесуші жастар некелері қиыл­ғаннан кейін, көп уақыт мешітке қайта келері рас. Осы жағдайды ескере келе, об­лыстық мешіт арнайы мұсылман неке за­лын қазақы дәстүрде безендіріп, бір ай көлемінде неке рәсімінен өткен жаста­рын арнайы жиып, неке қасиеті, отбасы өмірі, жанұя қарым-қатынасындағы құнды­лықтар жайлы насихат дәрістерін жүргізе бастады. Сонымен қатар жастарға об­лыстық мешіт тарапынан арнайы дайын­далған «Неке қасиеті» кітапшасы мен жанұя тұрғысындағы діни таспалар сый­лық ретінде тегін беріле бастады.

Пікір жазу