KAZISLAM – Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысының имамдарын қабылдады.

Кездесуде Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы өңірдегі діни ахуалды баяндап, үгіт-насихат, оқу-ағарту, діни оңалту, қайырымдылық, ақпарат, т.б. бағыттар бойынша облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Бас мүфтиге есеп берді.

Бүгінде аталған аймақта 32 мешітте 74 дін қызметкері жұмыс істеуде. Жаңадан 5 мешіт салынуда. Медиа жоспарға сәйкес, 177 шәкірт мешіт имамдарынан тұрақты түрде онлайн дәріс тыңдайды.

«Жүйелі жұмыстың нәтижесінде осы жылы 5 шәкіртіміз Нұр-Мүбәрак университетіне, 48 шәкіртіміз республикалық деңгейдегі медресе-колледждерге оқуға түсті. «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында баспанаға аса мұқтаж 10 жанұяға пәтер кілтін табыстадық. Сонымен қатар алдағы уақытта 3 Қайырымдылық мекемесін ашу жоспарымызда бар» деп атап өтті бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікір жазу