Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай «30 игі іс-шара» аясында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында жаңа құдық пайдалануға берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ Бекқожа мұндай сауапты әрі игі істі өңір жамағатымен атап өтіп, құдықты халықтың игілігіне пайдалануға салтанатты түрде табыстады.

Аталмыш игі іс «Таза Су» мемлекеттің кәсіпорнының басшысы Ырысбеков Жәнібек Сайлаубекұлының қолға алуымен және Жаңаарқа мешіті жамағатының демеушілігімен жүзеге асты.

Осындай игі шараның жоғары деңгейде жүзеге асқанына аймақ тұрғындары өз алғыстарын білдіріп, өңір ақсақалы Шайхин Жарулла Сатан мырза батасын берді. Жаңа құдық шамамен 5000 адамды таза сумен қамтамасыз етеді. Яғни, күніне 1800 отбасы құдықтағы таза сумен тұтына алады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Төрт аяқты Аишаға ота жасалады

Алдағы уақытта 30 жылдық мерей той аясында тағы көптеген игі іс шаралар жүзеге аспақшы.

Пікір жазу