Ислам дінінде шектеулер мен тиымдар, рұқсаттар мен жауапкершіліктер белгіленіп қойылған. Қоғамның тыныштығы мен бейбіт өмірін қалыптастыруда шариғи шеңберді және ұлттық тәрбиені негізге ала отырып, қазақ қоғамындағы әрбір жанұя ұрпақ тәрбиесінде «ұят» ұғымын қалыптастыра білген.

«Ұят» ұғымы қалыптаспаған қоғамда ашық-шашық жүру, тепедеңдіктің бұзылуы, құндылықтардың орындалмауы мен әділетсіздік көбейеді. Адамның алғаш тәлім ошағы болған жанұяда, «ұят» ұғымына ислам дінінде «махрем» [1] деп айтылады.

Әдептіліктің алғашқы қадамы болған «ұят», ең алдымен пенденің жеке өміріне деген құрметті, оның ар-абыройын сақтауды, қоғамдық әрі адами құндылықтарды қорғауды көздейді.

Осы себептерден, қазақ қоғамында «ұят» ұғымы баларға жастайынан үйретілген. Қазақ халқының рухани ұстаздарының бірі Абай Құнанбайұлы, осы мәселеге байланысты төмендегідей пікір айтқан:

Жанұяда ата-ананың тәрбиесін алып, ғылым жолында жақсы ұстаздан тәлім алып, қоршаған ортамызда жақсы құрбы таңдай білуімізді меңзеген.

Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деп бұйырған: «Әкенің баласына жасаған ең жақсы сыйлығы – жақсы тәрбиесі» [2].

Жанұяда сөзі тыңдалатын қолбасшы, әрі жауапкершілігіне жауапты – ата-ана. Қоғамға қосар баланың тәрбиесіне ата–ана жауапты. Бір қоғамның тыныштығы мен көркі, мәні мен сәні тәрбиелі жандардың көптігімен болады. Басқасының затына тиіспеу – ұрлықтың жоқтығына, тазалық – көріктіліктің үстемділігіне және әдептілік – сыпайылықтың сақталғанын білдіреді.

Біздің қалауымыздағы қоғамды жарату, ол біздің балаларымызды тәрбиелеуден басталады [3]. «Тәрбие тал бесіктен жер бесікке дейін» деген дана халқым, исламның «махрем» қағидасын кеңінен насихаттағаны байқалады.

Жанұя құрып, балалы болумен қатар әрдайым олардың қасында болып, қарым-қатынасты үзбей ұстау – пенделіктің ең жоғарғы дәрежесі. Бұл тұрғысынан Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде былай деп бұйырған:

«Дүние – мүлік пен бала – шағаларың бұл дүние тіршілігінің сәні…» [4].

Сөз соңын қазақ халқының қайраткерлерінің, ұстаздарының және батырларының тәрбиеге қатысты өнегелі сөздерімен қорытындыласақ,

Жазушы, ұстаз Мағжан Жұмабаев: «Жас бала жас бір шыбық, жас күнінде қай күйде иіп тастасаң есейгенде сол иілген күйінде қатып қалады», десе жазушы, ғалым Мұхтар Әуезов: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» – деген қанатты сөзден, «Не ексең, соны орасың» деп қорытынды шығарды. Сол себепті, болашақ ұрпағымыз үшін алаңдасақ, әуелі тәлім-тәрбиеге терең мән бергеніміз жөн.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

[1] Сердар Мутщалы, Әл-Мугжамул Арабия Әл-Хадис, б. 852.

[2] Бұхари, Тәрбие, 1.

[3] Орхан Чекер, Ислам Һукукунда яошук ве һаклары

[4] Кәһф» сүресі, 46-аят

Исатай Бердалиев

Пікір жазу