ҚМДБ Жамбыл облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен аймақта аптасына бір рет Құран хатым оқылуда, деп хабарлайды asyldin.kz.

Көпшіліктің ауырып, көз жұмғандар санының артуына байланысты Құран хатым оқып, Алладан дұға сұрау мақсатында дін мамандары мен жамағат Алланың кәләмін қолға алды.

Ауқымды шараға барлық аудан имамы атсалысуда. Һибатулла Тарази мешіт-медресе қызметкерлері бір топ, облыс имамдары бір топ, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының атсалысуымен мешіттің әйелдер жамағаты бір топ болып аптасына бір рет Құранды хатым етіп оқуда.

Алла Тағала қауіпті індеттің жойылып, халқымыздың сауығып кетуін жазсын!

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ  Жерлеу рәсіміне байланысты мәслихат өтті

Пікір жазу