2022 жылдың 23 қыркүйек күні Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы аясында “Отпан”Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қалмурзаев Жасқайраттың ұйымдастыруымен Мангистауский политехнический колледж «Жалған діни ақпарат және жаза » тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.
Шараға студенттер мен ұстаздар қатысты.Сонымен қатар студенттер арасынан сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарға нақты жауап алынды және әлуметтік желелерден ақпарат таратпаулар турлалы ескерту жасалды.
Ескерту!
-Дін жораларды, жиналыстарды өткізу талаптарын бұзу.
-Діни кітаптарды, діни материалдарды әзірлеу, шығару, тарату ( әлуметтік желі арқылы) талаптарын бұзу;
-Миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыру;
-Заңды діни қызметке кедергі келтіру –
50 АЕК (153 150 тенге) және 200АЕК (612 600 тенге) аралығында айыппұл салуға әкеп соғады.
(ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы,1,2,3 тармақтары бойынша).
-Интернетте діни өшпенділікті, экстремизмді және терроризмді қоздыруға бағытталған ақпартты (аудио, фото, видео) жариялау және тарату –
20 АЕК (61 260 тенге) және 200 АЕК (612 600 тенге) аралығында айыппұл салуға әкеп соғады.
(ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 2 тармағы бойынша).