Сүреде, қысқаша түрде Аллаға иман, даналық пен насихаттар баяндалған. Әрі намаз, зекет, қажылық және оразаның парызынынан бастап нәпіліне дейінгі аралықты қамтиды. Сүреде: «Әй иман келтіргендер! Рүкүғ, сәжде қылып, Раббыларыңа ғибадат қылыңдар. Және қайыр қылыңдар. Әрине құтыласыңдар[1]»,-деп әмір етуде. «…Және қайыр қылыңдар…[2]»,-деумен парыз құлшылықпен қатар нәпіл ғибадаттарды да ұмытпауға үндеуде. Сүре соңында: «Алла жолында шынайы түрде күресіңдер. Сендерді Ол таңдады. Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ибраһимнің (ғ.с.) жолы. Алла бұрын да осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін, «Мұсылман» деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де Аллаға жабысыңдар. Иелерің Сол, нендей жақсы ие. Нендей жақсы жәрдемші![3]»,-деумен түгелімен жақсылық атауының бірін қалдырмай әмір етуде әрі жамандықтың баршасынан тиюда.
Сүре – Ислам негіздерінің бірінің атауымен аталған. Хаж сүресінде басқа сүрелерде кездеспейтін ерекшелігі екі бірдей сәжде аяты бар. Қала берсе, екіншісі сәжде аяттарының ең соңғы түскені деген дерек бар. Сонымен бірге, ең ғажабы адам баласының жүрегі жайлы аяттар бар. Жалпы алғанда кез келген адамның жүрегі сүредегі төрт түрлі жүректің біріне тиесілі.
Ендеше, бірінші жүрек түрі жайлы: «Олар жер жүзінде кезіп жүрмеді ме? Сонда олардың түсінер жүректері және естір құлақтары болса еді. Негізінен көздері соқыр емес. Бірақ көкіректеріндегі жүректері соқыр[4]»,-деп баяндалады. Демек, жүрегі жақсылықты сезуден қалған жүрек.
Келесі дерті бар жүрек және қатты жүрек: «Шайтанның салатынын жүректерінде дерті барларға және жүректері қатып қалғандарға сынақ үшін жасады. Ақиқатында, залымдар ұзақ қайшылықта[5]».
Соңғы жүрек түрі: «…Ықыластыларды қуандыр. Олар, қашан Алла зікір етілсе, жүректері дүпілдейді…[6]» ықыласты адамның жүрегі.
Осы аяттарға көз жүгірте отырып, жүрегіңіздің хал-жағдайын тексеріп көріңіз. Иманның шам-шырағы жүрек рухани дертке шалдықпаған болса, жақсылыққа құштар келеді. Ал, жүрек науқастанып жатса оның емі – имандылық. Сонымен бірге, Жалпы, жүрегіміздің денсаулық тұрғысынан сау болуын қалаймыз. Алайда, имани тұрғыдан да дертке шалдықпауын қадағалауымыз қажет. Қала берсе, Құран аяттары және зікірлермен емдеу жолын да біліп жүруіміз керек.
Руслан ҚАМБАР,
исламтанушы
[1] Хаж сүресі, 77-аят
[2] Хаж сүресі, 77-аят
[3] Хаж сүресі, 78-аят
[4] Хаж сүресі, 46-аят
[5] Хаж сүресі, 53-аят
[6] Хаж сүресі, 34-35 аяттар