Жаңалықтар

Жұлдызы жанған жан (ФОТО)

Осындай жұлдызы жанған жанның бірі – Анна Ефремова. Ислам дініне әуелден ынтызар болған А.Ефремова діннің жайын білімді маманнан алуды жөн санап, Астана іргесіндегі «Төлебай» мешітіне келген. Бас имам Ибрагим Келдібайұлы оның қызықтырған сауалдарына жауап беріп, аз-кем сұхбат құрды. Бас имамнан шынайы дін жайлы жақсы хабарлар алған қыз Исламды қабылдағысы келетінін жеткізеді.

«Мешітімізге жақын таныстары арқылы келіп отыр. Бұрыннан Ислам дініне назары ауып, өз бетінше кітаптар арқылы шама-шарқынша білім алуға тырысқан. Бізбен сөйлескен 1-2 сағаттың өзінде дінге қатысты біршама маңызды мәселелер туралы сұрады. Әсіресе, мәзһабтың маңыздылығына да назар аударыпты. Біз дәстүрлі Ханафи мәзһабымен амал қылудың жөн екенін айтып өттік. Иә, барлығы Алланың қалауымен болып жатқан нығмет. Анна өз қалауымен қасиетті жұма күні Ислам дінін қабылдап, кәлима шаһадатын айтты» дейді бас имам И.Келдібайұлы.

Кешегі Анна бүгінгі күні өзіне Жасмин есімін таңдапты. Енді ол мешіттегі сауат ашу курсынан діни сабақтар алып, білім көкжиегін кеңейтуге ниеттеніп отыр.  


Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close