Жұма, 22 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

31.05.2023
- Қоғам, Сұхбат, Таңдаулы
0
59
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

– Зәуреш Ғалымжанқызы, сіз саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерттейтін арнайы комиссияның құрамында екенсіз. Қазіргі таңда қандай зерттеулерді жүзеге асырып жатырсыздар?

– Мен тарих ғылымдарының профессорымын. Аталған мәселе кеңес өкіметі кезеңімен байланысты. Соның ішінде мен әлеуметтік және экономикалық мәселелермен айналысамын. 2020 жылы құрылған комиссияның құрамына кеңесші ретінде жұмыс тобына  шақырды. Онда саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерттейтін арнайы ғалымдарға арналған топ болды. 2020 жылғы Президент Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау қажеттігі жөніндегі жарлығы болатын. Әрине мен келістім, себебі бұл әр азаматтың борышы деп есептеймін. Сол кезеңде ақталмай қалғандар көп болды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жарты ғасыр бойы жүзеге асырылып келеді. Айтқым келгені, мен ГУЛАГ лагеріндегі қазақстандық тұтқындарды, яғни саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды оңалту бойынша жұмыс жасадым. Үш жыл бойы мен осы тақырыпты белсенді түрде зерттеп келемін. Біз қазақстандық және ресейлік архивтерде де жұмыс жасадық.

–  Қазақстанда бұл мәселелермен кімдер айналысқан?

– Қазақстанда бұл мәселемен толыққанды ешкім айналыспаған. Бұл өте қиын тақырып. Қазақстандық лагерлердің санына әртүрлі баға беретін зерттеушілер бар. Қазақстан бұл туралы неге білмейді деп менен жиі сұрайды. Ол Қазақстан ғана білген жоқ деген сөз емес. Кеңес өкіметі кезінде 1930-60 жылдар арасында ГУЛАГ пайда болғанда республикаға бағыну болмаған.

– Сонда олар кімге бағынған?

– Барлығы Мәскеуде ГУЛАГ-қа бағынған. Онда теміржол, құрылыс түрлі салалар болды. Совет одағына бағыну болғандықтан, Қазақстанда материалдар қалмады.  Тарих ғылымдарының докторы Дильманов саяси қуғын-сүргін құрбандары жатқан түрлі бөлімдерге қатысты 60-қа жуық лагерлер мен колонияларды атайды. Манаш Қозыбаев тарих ғылымдарының докторы, академик ол 27 лагер болғандығын айтады. Карлак-тың бірінші зерттеушілерінің бірі – тарих ғылымдарының докторы, профессор Шаймұханов 25 түрін атайды. Бүгінгі күні Ресей жинағындағы мұрағат материалдарына сүйенсек, Қазақстанда нақты 22 лагер болғандығы жазылған. Тіпті бұл жинақта 90-шы жылдардағы бүкіл одақ бойынша жұмыс лагерлерінің 497 түрі бар болған. Ал авторлар бұл толық, нақты мәлімет емес екендігін жазады. Дильманов, Қозыбаев, Шаймұханов берген мәліметтердің сілтемесі жоқ. Олар мәліметтерді алған көздерін көрсетпеген. Ал біз 1998 жылы шыққан архив жүйесіне 22 лагердің сілтемесі көрсетілген ақпаратты жібердік.

– Сол лагерлерде жатқан жазықсыз құнбандар қазіргі таңда бәрі ақталды ма?

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023

–  Үлкен аспектілер бірінші кезекте толық ақтаумен, құпия құжаттармен байланысты. Егер Ресейде архивтік құжаттар 90-шы жылдары басталса, бізде қазір архивтік революция жүріп жатыр. Ондаған емес жүздеген құпия құжаттар тексерілуде. Жабық архивтер ашылды. Екіншіден – ведомстволық және кәсіподақтық бағыну. Сондықтан Алматыдағы орталық мемлекеттік архивке немесе ҚР Президенттік архивіне барып жүйеленген мәліметтер табу мүмкін емес. Олар облыстар бойынша бөлінген. Осы уақытқа дейін Қарағанды облысында 7 лагерь болған. Кейбір лагерлер 3-4 ай ғана өмір сүрген. Қазақстаннан Ресейге одан кейін қайта қалпына келтірілген лагерлер болған. Біздің орталық Қазақстанда толық зерттелген лагерлердің бірі – біз қазір тұрған Қарағанды жұмыс тобының бірегей лагері. Зерттеу бойынша осы лагерден 1 миллионға жуық адам өтті.

– Зәуреш Ғалымжанқызы, тұтқындарды қандай себептермен ұстады?

– Лагерлерде, сондай-ақ КарЛаг-та қылмыстық және саяси тұтқындар болған. Саяси тұтқындардың бір артықшылығы –  олар 58-бап контрреволюциялық қылмыс  бойынша отырған. 58-бап  мемлекетке қарсы, 59-шы басқармаға қарсы т.б. Осы баптар бойынша сотталғандар – саяси қуғын-сүргін құрбандары. Қазіргі мәселе –  осы адамдарды ақтау. Бұл өте ұзақ уақытты қажет етеді, себебі кеңес кезеңі 70 жылға созылған. Біз өз зерттеуімді сондықтан 5 кезеңге бөлдік. Бірінші кезең – Хрущевтық 10 жылдық, яғни КСРО кезеңінде жарты миллион адам ақталса, ал қазақтар арасында 7 мыңнан ғана асады.  Екінші кезең де Кеңес өкіметі кезінде, 1989-90 жылдары болды. Осы кезде жаппай құрбандарды ақтау жүріп жатты, бірақ Қазақстанда ондай көп болмады. Көбінесе ұрпақтары іздеп келгендерді ақтады. Олардың қатарында қазақтар болған жоқ. Неміс, орыс, украин ұрпақтары прокуратураға ақтап алу жөнінде жеке хаттар жолдап жатқан. Ал негізгі 3 кезең ол Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан басталды. Өздеріңізге белгілі 1993 жылы саяси қуғын-сүргіндерді ақтау туралы жарлық шықты. Қазіргі кезеңде барлық құрбандарды жаппай ақтау туралы мәселе тұр. Ал депортацияланған адамдар толық жүз пайыз ақталды. Басқа баптар бойынша сотталғандың ісі өте қиын өтті. Мұнда бірнеше мәселелерді ескерген жөн. Зерттеушілер барлық істерді зерттейді, бірақ бұл заңгерлердің де жұмысы. Олар мұрағаттағы істер бойынша түбегейлі адам ақтауға жатады ма, жатпайды ма соны тексеру керек.

– Қазір заңгерлер бұл істерді тексеруді бастады ма? Жалпы саясаттың құрбанына айналғандар қаншалықты көп болды?

– Әрине, 2 жыл бойы барлығы осы мәселені зерттеуде. Көбінесе қылмыстық істер көп болды. Әртүрлі уақытта, әртүрлі кезеңде айтарлықтай көп.  1937-38 жылдар үлкен террор болған кезде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың сандық пайызы өте жоғары болды. Оған қоса 58-59-шы бап бойынша отырған саяси тұтқындардың істерін комиисия құрамында жұмыс істейтін заңгерлер тексеріп жатыр. Бұл өте маңызды процесс.

– Жазықсыз құрбандардың барлығын ақтау қаншалықты ұзақ болады?

– Сіз қалай ойлайсыз, 70 жыл бойы Кеңес үкіметі өмір сүрсе, 1917-18 жылдары қызыл террор басталғаннан бастап қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау үшін қанша уақыт керек? Бұл процесс ұзақ уақытты талап етеді. Комиссияның жұмыс жасап жатқанына 3 жыл ғана өтті, бұл мәселені көтеріп, толық зерттеу үшін әлі көп жылдар  қажет. Бұл бірнеше жылдың ішінде шешіле салатын мәселе емес. Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, қорқынышты тоталитарлық жүйенің істерін анықтау үлкен процесс. Бұндай жұмыстарды асығыс істеуге болмайды. Менің ойымша, бұл мәселемен тек тарихшылар емес журналистер де, заңгерлер де, тіпті барлық халық көңіл бөлуі керек. Қоғамның қатысуынсыз, жастардың қызығушылық танытпауынсыз демократиялық мемлекет құру мүмкін емес деп ойлаймын. Ал қоғам бұндай жазықсыздардың ісі бірден ақталса екен деп ойлайды, бірақ 70 жыл бойы болған мәселені екі-үш жылда шешуге болмайды. Ондай ойдан арылуымыз керек. Бұл процесс жүйелі және ғылыми жолмен зерттелу керек.

– Маңызды ақпарат бергеніңізге рахмет!

 Әңгімелескен – Балжан ӘБДІРАШ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер: Зәуреш Ғалымжанқызысаяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Қасірет»: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Жаңалықтар

«Қасірет»: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

31.05.2022
Жаңалықтар

Ашаршылықтың шынайы тарихи бағасы берілуі тиіс – министр

31.05.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Түрмеден берілген тапсырма

Түрмеден берілген тапсырма

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1492 рет бөліскен
    Бөлісу 597 Твитерге 373
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7508 рет бөліскен
    Бөлісу 3003 Твитерге 1877
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2157 рет бөліскен
    Бөлісу 862 Твитерге 539
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4960 рет бөліскен
    Бөлісу 1982 Твитерге 1239
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    795 рет бөліскен
    Бөлісу 318 Твитерге 199

Соңғы жарияланымдар

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

22.09.2023
0
Шымкентте жаңа мешіт ашылды

Толығырақ оқу

Иран парламенті хиджаб кимегендерді жұмыстан қууы мүмкін

22.09.2023
0
Иранда әйелдер футбол стадионына баруға рұқсат алды

Толығырақ оқу

Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

22.09.2023
0
Алматы облысында «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында семинар өтті

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00