Дінтану бұрышы

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқыту мәселесі қалай жүргізілуде?

«Дінтану негіздері» 2009 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарындағы 9-сыныптарда аптасына 1 сағат факультативтік курс ретінде оқытыла бастады. Пәннің мақсаты – білім алушыларға дін және діни нанымдардың тарихы туралы жалпы білім беру, олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Пәннің қоғамтанулық мазмұнын күшейте отырып, білім алушыларға зайырлы мемлекет қағидаттары мен қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын таныту мақсатында «Дінтану негіздері» пәнінің атын «Зайырлылық және дінтану негіздері» деп өзгертілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен «Негізгі орта білім беру деңгейінің  9-сыныбына арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының үлгілік оқу бағдарламасы» бекітілді.

1. Соның ішінде «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқулықтары 2015-2016 оқу жылында республиканың 8 мектебінде апробациядан өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. «2016-2017 оқу жылында қолдануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы  8 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес оқулық 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін барлық мектептерде қолданысқа енгізілді.

2. 2011 жылдан бастап «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының базасында және өңірлердегі филиалдарының базасында дінтануды оқытатын мұғалімдер қысқа мерзімді арнайы курстардан өтеді. 2016-2017 оқу жылынан бастап жаңа «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің оқытылуын ескере отырып, жаңа оқу бағдарламасына сәйкес пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары жаңа форматта ұйымдастырылуда.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close