Жаңалықтар

Заңсыз діни насихат жүргізгендер сотталды

Ош облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жениш Аширбаев аталған экстремистік ұйым өкілдері республика мүфтияты салған тыйымға қарсылық білдірген.

«2017 жылдың соңында тыйым салынған ағымға ілесуші топ Ош облысы Қара-Суй ауданында заңсыз діни насихаты үшін қамауға алынды. Олардың қызметіне республика мүфтияты тыйым салған» деді Аширбаев.

Оның айтуынша, бұл қозғалыс өкілдері кез келген тыйымды ескермейді, олар мүфтият ережелерін мойындамайды, сондай-ақ, «ел заңына мойынсұнбайды және өзгелерді де заңға бағынбауға үгіттейді».

Айта кету керек, «Йакын инкар» ұйымы Ресей, Қырғызстан, Қазақстан мен Тәжікстан секілді елдерде тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни қозғалысынан бөлініп шыққан топ. Оның ұстанушылары сырт келбетінен араб халқына тән киім киіп, шаштарын өсіріп жүруімен ерекшеленеді.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close