Зұлқарнайынның айласы

    0
    62

     

    Ескендір Зұлқарнайын заманында екі адам бір сұлтанды өлтіріп бой тасалаған екен. Адам өлтіріп әккі болған қылмыскерлерді ұстай алмай әлек болған Ескендір айлаға көшеді де: – Мұны істеген адам, расында тұлға болуға лайық. Егер ол адамды білсек, оған лайық сыйын береміз және адамдардың үстіне көтереміз! – деген жарлық шығарады. Ескендердің бұл жарлығын естіген екі қанішер «марапатқа қарық болайық» деген арам оймен оның алдына келеді. Ескендір патша ол екеуіне: – Мен, «Оған лайық сыйын береміз», – деп астарлап сөйлеген едім. Патшасын өлтірген адамның лайық сыйлығы  – өлім жазасы. Ал енді «Адамдардың үстіне көтереміз» дегенім, мен сен екеуіңді мүмкіндігінше ең ұзын ағашқа қағып, іліп қоямын, – деп екі қылмыскерді дәл солай жазаға тартыпты.  

    Гүлнар ЖАЛАДИНҚЫЗЫ

    Пікір жазу