4 желтоқсан. KAZISLAM – Бүгін Қызылорда облыс әкімі Қ.Д. Ысқақовтың төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, отырыста облыс аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейі, сонымен қатар интернет кеңістігінде деструктивті діни идеологияларға қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру нәтижелері туралы мәселелер қаралды.

Отырыс барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыс аумағындағы орта білім беру мекемелерін бейнебақылау камераларымен жабдықтау, төтенше жағдайлар кезінде ғимараттардан эвакуациялау, жол жүру қауіпсіздігі бағыттарындағы жұмыстарды мектептерде тұрақты түрде ұйымдастыру қажеттілігі айтылып, тапсырмалар берілді.

Пікір жазу