Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының «Ұлттың жаңа болмысы» бөлімінде «…Жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек» деп ерекше атап өткен болатын. Бүгінгі мақаламызда ысырапшылдық пен даңғазалықтың қоғам мен адамның абыройын төгетіні және елді қасіретке ұшырататыны жайлы баяндалмақ.

Ысырап – кедейлікке апаратын ауру

Ысырап пен ысырапшылдық – асыл дініміз тыйым салған нәрселер. Бұл адамдарды банкроттыққа итермелеп, кедейлікке апаратын қаржылық ауру. Сондықтан дініміз ысырапшыл адамдарды шайтанның бауырлары деп атайды. Бәрімізге белгілі, ысырап ету – қажетсіз шығындар. Бұл – ақша, мүлік, уақыт және өмір секілді мүмкіндіктерді қажетсіз және пайдасы жоқ жерлерге жұмсау, тұтыну дегенді білдіреді.

Егер ысырап пен ысырапшылдық қоғамдық өмірде орын алатын болса, бұл сол ұлттың жойылуы демек. Ол үшін үлкендеріміз «Ысырап еткен адам банкрот болады, кім банкрот болса, сол жоғалады. Ал, кім ақша жинаса, сол бай болады» деген.

Бұл жерде ысырапқа жол бермеуге тырысқан кезде сараңдық пен дүниеқоңыздыққа ұрынбай, нарықтың жандануы мен экономикалық дамуды қамтамасыз ету қажет. Себебі өзгеріс арқылы әркім өз үлесін ала алуы керек.

Алла ысырап етушілерді сүймейді

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ысырап пен ысырапшылдыққа қатысты керемет кеңестеріне назар аударсақ…

Алла Тағала «Ағраф» сүресінің 31-аятында: «Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар (киініңдер). Жеңдер, ішіңдер бірақ ысырап етпеңдер», ал «Әнғам» сүресінің 141-аятында: «Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді» деп бұйырған.

Адамдық және исламдық тұрғыдан ысырап ету дегеніміз – жеке немесе қоғамдық пайдасы әрі қайыры жоқ жерлерде нәрселерімізді тұтыну, жою. Нығметтердің қадірін білмеу, оларға шүкіршілік етпеуді білдіреді. Осылайша, адам өзіне қиянат жасайды.

Жоспарсыз және жобаланбаған қажетсіз әрі ретсіз саяси мақсатта жасалған инвестициялар да ысырап ретінде саналады. Себебі, бұл ұлттық байлықтың ысырапшылдығы.

Ненің ысырап, ысырапшылдық екені мен ненің үнем мен үнемшілдік екенін әрбір саналы мүмин өте жақсы біледі. Ақымақ пен ақылдыны бір-бірінен айырған ерекшелік – кісінің қарны мен зарарын білуі дейді. Сол үшін ысырап ету – ақымақтықтың белгісі. Маңдай термен жұмыс істеп тапқан табысты еш ойланбастан, босқа шашу – әлбетте ақылды адамның ісі емес.

Ал, ысырапшылдықтың алдын алу мен сақтық шаралары қандай? Әлбетте, оларды жеке, отбасылық және әлеуметтік ысырапшылдық деп қарастырамыз. Мемлекет және ұлттық ынтымақтастық, әсіресе біліммен ысырапшылдықтың алдын алуға болады. Адамдар жастайынан бастап отбасында, үйде, мектепте бұл тақырыпқа байланысты үйрететін болса, ата-аналар мұны байыпты түрде жасаса, үнемділік адам бойында адамгершілікке ұласады.

Ысырапқа байланысты дастархан басында жасалатын ас дұғасында құдіретті Алла Тағала: «Алланың нығметтерін ысырап етушілер шайтанның бауырлары. Шайтан Раббысына шүкір етпеді. Қолын қатты қысқан, сараң әрі дүниеқоңыз болмаңыз, ысырап етпеңіз. Орта жолды ұстаныңыз. Сосын қолыңыздан өткен нәрсенің қасіретін шегесіз» («Исра» сүресі, 26, 27, 28, 29 аяттары, «Фурқан» сүресі, 67-аят) деп бұйырады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да: «Ризықтың жартысы – үнемшілдікте, үнемдеуде.  Еңбек етіп, тапқанын босқа шашпайтындар ешқашан кедей болмайды» дейді (Бұхари, Табарани). Иә, табыс табу оңай емес. Маңыздысы – қиындықтан өтіп, кедергіде тұрып қалмау. «Көрпесіне қарай аяғын созып», болашағы үшін шаралар қолдануы керек.

Ұлттың байлығы мемлекеттің қуаттылығын білдіреді

Ешкім мүлік менікі, мен таптым, қалағанымша жұмсаймын дей алмайды. Себебі, байлық – ұлттық өнім болып саналады. Егер ел басына күн туса, (Құдай сақтасын!) алапат cоғыс жағдайында мемлекет ол мүліктерді кері тартып алуы да мүмкін. Мұндай жағдай елде болуы ғажап емес. Ал, ұлттың байлығы мемлекеттің қуаттылығын білдіреді.

Және мұны дұрыс түсінуіміз керек. Қарыз (немесе несие) алушы – әмірге бойұсынады. Ал, қарыз бергеннің – әмірі жүреді. Осыған байланысты, әсіресе, әлем мемлекеттерінде қарыз мәселесі халықаралық қатынастарда өте маңызды болып саналады.

Өкінішке қарай, бүгінде әлемде әділеттілік пен құқық байлықпен өлшенеді, кім мықты болса, соныкі дұрыс болуда. Адамдар соған тәуелді бола бастайды. Міне, ол көрініс қазіргі таңда Таяу Шығыс елдерінен көрініс тауып отыр. 20 мың км қашықтықтан АҚШ келіп, Сирия мен Иракты басып алып, шекаралас елдердің лаңкестеріне қолдау көрсетуде.

Мұнда әділеттілік қайда? Яғни, бұл супер күш. Залым күштердің қарсысында тек күшпен қарсы тұра аласың. Бұл болса, байлық арқылы болмақ. Байлыққа да озық технологияны өндіріп, оны экспорттау арқылы қол жеткізуге болады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Мұсылмандардың өзге дін өкілдерімен қарым-қатынасы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) біздің мықты болғанымызды қалайды

Бұған байланысты Хз. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз, 1400 жыл бұрын бізді қалай ескерткеніне назар аударыңыз: «Сондай бір уақыт келеді, ақшаңыз болмай күшіңіз болмайды, сөзіңізге құлақ аспайтын кез келеді. Ақша өлшем құралы болады. Ақшасы жоқтың не діні, не де өз әлемі қорғалынуы мүмкін емес. Әділдік күшпен, ал күш те көп еңбектеніп ақша табу арқылы қол жеткізіледі», – деп бұйыру арқылы біздерге қазіргі күнімізді айтып, ескерту жасағандай…

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) біздің мықты болғанымызды қалайды. Сол үшін жұмыс істейміз, талпынамыз, табамыз, бірақ ешқашан ысырап етпейміз, сараң болмаймыз. Сонда біз мықты жеке тұлға, берік отбасы және күшті мемлекет боламыз.

«Өзеннен дәрет алсаңыз да, суды ысырап етпеңіз!»

Мұның жолы үнемдеу арқылы жүзеге асады. Тіпті, шылаушын құрты да қысқы ұйқыға кеткенде топырақты аз жейтін көрінеді. Оны жеу арқылы топырақ біте ме? Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Өзеннен дәрет алсаңыз да, суды ысырап етпеңіз» деп бұйырған.  «Неге?» деп сұрағандарға: «Үйреніп, ысырап жасауға бойыңыз үйреніп кетеді», деп жауап қатқан.

Қазіргі таңда әлемде, оның ішінде Түркі халықтары да люкс өмір мен ысырап ішінде өмір сүріп жатыр деп айтуға болады. Үйлерінде, сондай-ақ қоғамдық жерлерде ысырап жасау артпаса, кемімеген.

Ысырапқа айналған нан, желініп бітпеген тағамдар, босқа аққан сулар, қажетсіз жанып тұрған шамдар, киілмеген артық киімдер, саябақтарда, кофеханалар мен ойын залдарында текке өтіп жатқан қайран уақыт, сондaй-ақ босқа өткен мәнсіз өмір, сән-салтанатқа толы өмірі, жанып кеткен жанармайлар, автотұраққа айналған қаладағы сансыз көліктер мен олардың қажеттен тыс қолданысы т.б.

Қоғамдағы ысырапшылдық, қажетсіз саясат және саяси шығындар, қызметтік автокөліктерді ысыраптау және сол сияқты ысырапшылдық әдеттердің тым көптігі… Бұл ұлт үшін кедейлікке тез қадам басатын апат екенін аңғартады.

Той-томалақтарда көптеген тағам ысырап болуда

Ысырап – жеу, ішу, киіну, сәндену, қандай да бір қажеттілігімізді қанағаттандыру үшін жасалған шығындарда өлшемнен тыс қолданып, шектен шығу.

Дінге сәйкес айтар болсақ: қатты қажеттілік пен қажеттілік себебімен жасалмайтын: сауапты іс пен ізгілік амалдарды күтпейтін, керісінше зиянды, заңсыз нәрселерге жұмсалған шығындар.

Елімізде жағдайы төмен, қалыпты, орта және жоғары табысы бар тұрғындарымыздың көпшілігі сатып алған көптеген азық-түлік тауарларын орынды қолдана алмай, ысырап жасауда. Қаладан бастап ауылдарға дейін барлық үй мен орындарда абайсыздық пен бейсаналық салдарынан көптеген азық-түлік ысырап болуда. Әсіресе, той-томалақ пен жиындарда жеуге, ішуге және қолдануға болатын көптеген нәрселер сөзсіз ысырап болып жатыр.

«Ысырап етушілер – шайтанның бауырлары»

Асыл дініміз Ислам діні бізді үнемшіл болуға, ысырап етпеуге шақырады. Дінімізде ысырапшылдыққа тыйым салынған. Мұсылман өте бай болса да, қажеттілігінен артық ақша жұмсай алмайды.

Құран Кәрімнің «Фурқан» сүресінің 67-аятында: «Алланың сүйікті құлдары малын жұмсау кезінде ысырап етпейді және сараңдық танытпайды. Олар екеуінен де өлшенген әрі орта жолды ұстанады», «Исра» сүресінің 27-аятында: «Мал-мүлкін шашып ысырап еткендер – шайтанның бауырлары», деп бұйырылған.

Жомарттықты барынша қолдайтын Исламда ысырапшылдыққа қатаң тыйым салынған көптеген хикметтер бар. Миллиардтаған қаржыны жұмсау – босқа кетпес, бірақ сіріңке таяқшасын қажетсіз жағу ысырап саналады. Мүмкін, барлығы ысырап етер, бірақ бір мұсылман үшін бұл мәселеде қиял (қалағандай әрекет ету еркіндігі) жоқ.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Күнкөріс үшін жұмсау кезінде үнемшіл болу – тіршіліктің жартысы», – дейді. Хз. Әбу Бәкір: «Бірнеше күндік бір ризықты бір-ақ күнде жұмсаған үй шаруашылығына қатал қарым-қатынас жасаймын»; Хз. Әли (р.а.): «Үнемділік аз нәрсені көбейтеді, ал ысырап көп нәрсені азайтады» және «Дұрыс қолданылған аз мал, жаман қолданылған көп малдан гөрі ұзаққа шыдайды (қайырлы, – деген.

Даналарымыз айтқандай, қызметкерді cәнқой әйел, байды тентек ұлы, шаруаны қыңырлығы құртады. Сондықтан да мақтаншақтықтан, қажетсіз люкс өмірден аулақ болуымыз керек. Нәтижесі:

Ысырап ету – апатқа, ал үнемдеу – берекет пен молшылыққа кенелтеді. Себебі, кім ысырап етсе, ол зиянға ұшырайды. Үнемдік жасаған еркіндікте болады. Мақсатымыз, ұранымыз сол болу керек. Өзіміз, отбасымыз, қоғамымыз, тіпті, қоғамның бақыты үшін жұмсалатын шығындарымызда қалыпты әрі тепе-теңдікте болуымыз қажет. Сән-салтанат пен ысырапшылдықтан аулақ болған жөн!

Дайындаған Руслан БЕГЕН

Пікір жазу