TRT Түркия телерадиокомпаниясы алғаш рет биыл «Әлем азаматы» – TRT World Citizen марапатын табыстайды. Бұл марапат адамзат алдындағы еңбегі үшін табыс етіледі, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Марапаттау рәсімі үшінші қазан күні Ыстанбұлда өтеді. Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Түркия президентінің жұбайы Эмине Эрдоған қатысады. Салтанатты рәсімде бизнесмендер, саясаткерлер мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар болады. Төрт номинация – «Білім беру», «Коммуникация», «Табыс» және «Әлем азаматы» бойынша жеңімпаздар анықталады. Бұдан бөлек, TRT World Citizen  қысқа метражды фильмдер конкурсының қорытындысы бойынша үш режиссерге марапат табысталады. Олардың фильмдері 110 елдің төрт мыңнан асьам туындысынан іріктеледі.