Жаңалықтар

Ғылыми-сараптамалық кеңестің қорытынды отырысы өтті (ФОТО)

Кеңес төрайымы А.Әбдірәсілқызы жүргізген жиынға Ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Е.Оңғаров, «Сараптамалық зерттеу орталығы» жеке меншік мекемесінің директоры Н.Мұқанова, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасы меңгерушісінің м.а. К.Тышхан қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

1. «Зайырлы мемлекет және дін қатынастары: теориясы мен тарихы, шетелдік және отандық тәжірибесі» атты ғылыми-талдамалық зерттеу жұмысын таныстыру – А.Әбдірәсілқызы;

2. Религиозная ситуация в Республике Казахстан: «Состояние и тенденции развития Православной и Новоапостольской церквей в Казахстане» атты ғылыми-зерттеу жұмысын талқылау – Г.Н.Новикова;

3. «Религиозно-политический экстремизм как угроза современному обществу» жинағының жобасын талқылау – Н.А.Муканова;

4. «Прозелитическая деятельность религиозных объединений в Казахстане» атты талдамалық зерттеуді талқылау – О.А.Гайко;

5. «Дінтану сараптамасын жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды жетілдіру» атты ғылыми-зерттеу жұмысының дайындалу барысын таныстыру – Ж.Аханов;

6. «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы қызметкерлерінің мақалалары» мен «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары» жинақтарын таныстыру – С.Дуанаева;

7. ҒСК-нің жылдық есебі – С.Дуанаева;

8. 2018 жылы жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын бекіту – С.Дуанаева;

9. Әр түрлі мәселелер. («Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 100 сұрақ-жауап», «Қазақстандағы діндарлық көрінісі және оның қалыптасу жолдары», «Мемлекет, дін және қоғам», «Дінтанулық зерттеулер» 1-3 том) – А.Әбдірәсілқызы.

Ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, ғылыми жұмыстар жобасы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарын талқылады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close