Сейсенбі, 21 Наурыз, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата

17.03.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
75
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сайрам қаласында «Ақата баба» атты кесене бар. Жергілікті халық Ақата бабаның шын есімі Шахабатдин Исфиджаби екенін айтады. Тақуалығына байланысты жұрт оны «Ақ ата» деп атаған көрінеді.

Сайрамдық осы Ақ Ата бабаны Қ.А. Ясауидің алғашқы ұстазы болған деседі. Ел арасына тараған аңыздарда Ақа Атаның шәкірттеріне «Құдай көрмейтін жерде қораз сойып әкеліңдер» дегенінде, Ахмет қана бұл тапсырманы орындамайды. Оның даналығына тәнті болған Ақ Ата: «Бәрекелді, Ахметім! Менің өзім де сен туралы осындай бір сырлы құпияны білу үшін істеген едім», – деп батасын берген екен.

Ғұмырын исламға бағыштаған отбасыдан шыққан ерен ұлдың Хақ дінді бала күнінен танып-білуге ұмтылғаны анық. Бұл жөнінде Қ.А. Ясауи былай деп хикмет айтады:

Бес жасымда белім байлап тағат қылдым,

Нәпіл ораза тұтып әдет қылдым.

Күндіз-түні зікір айтып әдет қылдым,

Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023

 

Алты жаста тұрмай қаштым халайықтан,

Көкке шығып дәріс алдым мәләйіктен.

Арқан кесіп, барша әһлі әлайқдин (туыс),

Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

Ақ Ата бабаның тарихи тұлғасын ашатын жазбаша деректер кездеспегендіктен, оның Сайрамдағы кесенесіне және осы өңірге тараған әпсаналарға қарап, Қ.А.Ясауиге бала күнінде хат танытып, алғаш діни білім берген сол болуы мүмкін деп тұжырымдаймыз. Бір қызығы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлерінің пайымдауынша, Қ.А. Ясауи кесенесі маңайында да Шахабаддин Исфиджаби (Әзіреті Молла) атты тұлға жерленген екен. Оны да музейдің ғылыми қызметкерлері  Қ.А. Ясауидің ұстазы деп біледі.

Сайрамда жерленген Ақата баба мен Түркістандағы Әзіреті Молла бөлек-бөлек тұлғалар ма, әлде екеуі де Қ.А. Ясауидің алғашқы ұстазы Шахабаддин Исфиджаби ме? Бұл жағы бізге әлі белгісіз. Дегенмен, Қ.А. Ясауидің алғашқы Шахабаддин Исфиджаби атты ұстазы болғаны баяндайтын ауыз-екі деректерді жоққа шығара алмаймыз. Оның қандай тұлға болғаны туралы жазбаша деректер кездеспейді. Сол себепті, Қ.А. Ясауидің алғашқы ұстазының діни ұстанымы туралы нақты пікір айта алмаймыз.

Әйткенмен, X-XII ғасырларда Түркістан мен Мәуараннахр өлкелерінде саяси билік жүргізген Қарақан мемлекетінің Ханафи мәзһабына қолдау көрсетуіне қарап, сондай-ақ, аталған дәуірде Сайрам қаласынан бірнеше Ханафи мәзһабының ғұламаларының шыққанын ескерсек, Қ.А. Ясауидің алғашқы ұстаздары (Ақ Ата, Әзірет  Молла) Әбу Ханифа өкілдері болған деп жорамалдаймыз.

Мұхан ИСАХАН

Тегтер: Ақ АтаАхмет ЯсауиМұхан ИсаханШахабатдин Исфиджаби
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мәшһүр Жүсіптің көзқарасынша Әз-Наурыздың шығу тегі
Қоғам

Мәшһүр Жүсіптің көзқарасынша Әз-Наурыздың шығу тегі

20.03.2023
Икрам ишан мешіті
Ислам

Икрам ишан мешіті

01.03.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бас мүфти болашақ дін қызметкерлеріне насихат айтты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • 2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    2023 жылғы Ораза кестесі (барлық қалалар бойынша)

    267 рет бөліскен
    Бөлісу 106 Твитерге 67
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    5329 рет бөліскен
    Бөлісу 2132 Твитерге 1332

Соңғы жарияланымдар

Оразаның ақыреттегі пайдасы қандай?

21.03.2023
0
Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

Толығырақ оқу

Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

21.03.2023
0
Наурызды тойлау Исламға дейін бастау алған

Толығырақ оқу

Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

21.03.2023
0
Төлеби ОСПАН: Діни сауатсыздық – діннің де, мемлекеттің де қас жауы!

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00