Құранда «Оған таза болғандардан басқасы қол тигізе алмайды» (Уақиға: 79) деген аят бар. Бұл үкім бойынша бәрімізге белгілі, қағазға жазылған Құранға дәретсіз күйде қол тигізуге болмайды. Алайда, дәретсіз бірақ жүніп болмаған жағдайда Құранға қол тигізбей көзбен немесе жатқа оқуға болады. Олай болса, ұялы телефондағы Құран мусхаф болмағандықтан оны дәретсіз оқуға рұқсат. Алайда, рухани тұрғыдан, берекелі болу мақсатында Құран оқыған кезде әрдайым дәретті болу – мұстахап.