ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ факультеттерінің декандарымен кездесті. Ол «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң жобасын түсіндірді, дарынды жастарды қолдау шаралары туралы айтып, сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылдың 30 желтоқсанында Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Ол мұғалімдердің өміріне және мамандықтың беделіне қалай әсер ететіні туралы қарағандылық оқытушыларға Владимир Божко айтып берді.

«Бізге мұғалімдерді қолдау мен қорғаудың маңызды шаралары қажет. Қазір статистика бойынша, 1700 «алтын белгі» иелерінің тек 20-сы ғана педагог мамандығын меңгеруге барады. Бұл өте аз және мамандық беделінің төмендегенін көрсетеді. Жағдайды түзету үшін біз мұғалімдерге жүктемені 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аптасына 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендетеміз. Магистр дәрежесі үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған, бұл – 25 500 теңге. Қосымша төлемдер олимпиада мен конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтарға, сондай-ақ сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексергені және басқа да жұмысы үшін төленеді», – деді ол.

Владимир Божко жаңа заңда қарастырылған айыппұлдарға тоқталды. Бұдан былай педагогтарды қадірлемей дөрекілік білдіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұғалімнің атына былапыт сөйлеу, әдепсіз мінез-құлық, әдепсіз әрекеттерді көрсеткені үшін жеке тұлғалар 20-дан 30 АЕК-ке дейін (79 530 теңгеге дейін) айыппұл төлейді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Дін тақырыбында жазатын БАҚ өкілдеріне семинар-тренинг өтті

Егер мұғалімді 12 ден 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер ренжіткен болса, оның ата-аналарына 20 АЕК (53 000 теңге) айыппұл салынады. Дөрекілік қарым-қатынас қайталанатын болса, жауапкершілік одан да қатаңырақ болады – бес тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Пікір жазу