Сирия президенті Башар Асадтың қатысуымен Дамаскіде діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша халықаралық ислам орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Islam Today.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, республика басшысы бұл орталық экстремизм идеологиясының таралуына қарсы тұратын және ислам құндылықтарын қорғауға алатын маңызды алаңға айналатынын мәлімдеді.

«Соғыс бәріміз үшін де сабақ болды және біз одан қорытынды шығаруымыз керек, қайталануына жол бермеуіміз керек» дейді Башар Асад.

Орталық директоры шейх Аднан Афьюни жаңа кешенде мешіт имамдарын және барлық сириялық провинциялар үшін діни қызметкерлерін дайындау жөніндегі ұлттық институт бар екенін жеткізді. Бұдан бөлек орталықта кітапханасы бар ислам құқықтары ғылыми институты мен экстремистік әрекеттерге мониторинг және қарсы тұру орталығы қамтылған.