Батыс Қазақстан облыстық орталық мешітінде имамдардың 2020 жылдың қорытынды есептік жиналысы өтті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Мұратбек Қыстаубаев діни басқарма бекіткен  төрт бағыт бойынша әр ауданның жылдық есебін тыңдады. Сондай-ақ қала, аудан имамдары да есеп берді.

Мұратбек Мұхтарханұлы имамдар есебіне байланысты олардың кемшін тұстарын да атап көрсетті.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай жыл бойы имандылық жолында аянбай еңбек еткен Тасқала аудандық мешітінің бас имамы Айдын Ибрашев, Ақжайық аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Әйтенов, Сырым аудандық мешітінің бас имамы Әділхан Наурызбайұлы облыс имамының «Алғыс» хатына ие болды.

Жиында 2021 жылға арналған жоспар да пысықталды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Харун Яхья 1075 жылға сотталды

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу