KAZISLAM – 13 қарашада Нұр-Сұлтанда баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жиында 11 номинация бойынша мәртебелі журналистика сыйлығының жеңімпаздары анықталды:

  1. Жылдың үздік фотосуреті:

Сәкен Ділдахмет, Тәуелсіз экологиялық шолушы

  1. Жылдың үздік репортажы:

Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы

  1. Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы

  1. Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

Михаил Козачков, «Время» газеті

  1. Жылдың үздік сұхбаты:

Гульбаршын Сабаева, «Egemen Qazaqstan» газеті

  1. Жылдың үздік танымдық материалы:

Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан ақпараттық агенттігі

  1. Радиостанциядағы үздік жоба:

«Atyray» радиостанциясындағы «Эфирде 102 FM» бағдарламасы

  1. Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

TengriNews порталы

  1. Жылдың үздік газеті:

«AQ JOL» газеті

  1. Жылдың үздік журналы:

«Жұлдыз» журналы

  1. Шерхан Мұртаза атындағы Номинация:

Қайнар Олжай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист

Барлық финалистерге Жеңімпаз сертификаты, «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сый табысталды.

Көрермендер марапаттау рәсімін тікелей эфирде urker-awards.kz ресми сайтынан көруге мүмкіндік алды. 

«Үркер» ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бастап, биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазанынан 5 қарашасына дейін қабылданды. Жалпы, қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстар әділқазылар мүшелерімен таңдалды, олардың құрамына беделді қайраткерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және танымал қазақстандық журналистер кірді.

Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Іс-шараға «Қазақстан» РТРК мен «Хабар» Агенттігі» АҚ демеушілік жасады.

Пікір жазу