Үндістанның жоғарғы соты елде бір жыныстылар некесін заңдастыру туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде арабтардың әл-Жазира телеарнасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Азияның оңтүстігінде орын тепкен аталған елдің премьер-министрі де жоғарғы соттың бұл шешімін құптап, мұндай мәселе парламент қабырғасында қарастырыуы керектігін алға тартты. Осылай деген ол бір жыныстылар қатынасы қоғамды аздырып, дәстүрлі құндылықтар мен отбасы институтын әлсірететінін де мәлімдеді.