«Үміт» әні жалғасын үміттерді

467

Ораза айының құрметіне жаңа «Үміт» атты ән жарық көрді. Күллі мұсылман әлемі асыға күткен, Алла Тағаланың мейірін ең көп төгетін Ораза айының құрметіне Ғалымқайыр Мұтанов өзінің жаңа әнін арнады.

Ғалымқайыр Мұтанұлы әдеби ортада шығыстық нақышпен өрілген философиялық поэзиясымен де танымал. Сондықтан да оның туындыларына қызығушылар өлеңдерін ағылшын, түрік, орыс, парсы, украин, әзербайжан тілдеріне аударып, шет елдерде кітап ретінде шығаруда.

Оның шығармашылығындағы ақиқат пен мейірімділіктің үйлесімі, оның көптеген оқырмандары мен бағалаушыларының жүрегін жаулап алуда. Соны бірі бүгін жарық көріп отырған ән болып өрілген «Үміт» өлеңі.

«Үміт» сөзінің мағынасы өте кең. Үміт – жақсылықтың жаршысы. Адам әр таң сайын үміттеніп оянады, үміттеніп ұйықтайды. Үмітпен тыныстайды. Үмітпен алға жылжиды. Үміттің күші, жігері шексіз, таусылмайды. Үмітке иек артқан адам бұл дүниені ғана емес, о дүниенің жайын да ойлап, Алланың бергенін қанағат етіп, қолынан келгенше айналасындағыларға жәрдем беріп, көмегін аямауға тырысады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Атырауда ұлы Абай ұлықталды

Әннің авторы, танымал композитор Владимир Питерцев. Орындайтын – «Рухани» тобы (Бекзат Сұлтан, Дәнібек Мұқан, Сырым Жағыпар) және жеке дауыста Анар Дінасылова.

Сіздердің назарларыңызға Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚазҰУ Телерадиокешені әзірлеген «Үміт» атты жаңа бейнеклипті ұсынамыз. Толығырақ мына сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=zifFbabv0lM арқылы көре аласыздар.

Пікір жазу