Сирия Ұлттық армиясының әскерлері террористтердің шабуылына тойтарыс берді.

Бөлшектеуші террорлық ұйым YPG/PKK Сирияның солтүстігінде «Бейбітшілік бұлағы» операциясы жүргізілген аймақтаңы Расулайн ауданына кіруге талпынды. Сирия Ұлттық армиясы әскерлері осы шабуылға тойтарыс берді.

Сирия Ұлттық армиясы құрамындағы «Хамза» жасағынан алынған мәліметке қарағанда, Евфрат өзенінің шығысында басқыншы әрекеттерін жалғастырған террористтер түнде Расулайнның оңтүстігіндегі ауылдан енуге тырысты.

Осыған орай Сирия оппозиция әскерлері мен террористтер арасында ыстық қақтығыс шықты. Қақтығыс кезінде Сирия Ұлттық армиясы шығын көрмеді.

Пікір жазу