Сенбі, 30 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлттың рухани санасын қалыптастырған кімдер?

12.05.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
Сурет ашық дереккөзден. XIX ғ. аяғында салынған Қалжан Ахун медресесі.

Сурет ашық дереккөзден. XIX ғ. аяғында салынған Қалжан Ахун медресесі.

108
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жуырда ғана Мемлекет Басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен өткізген кеңесте «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде бұл өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын», – деп қадап айтты.

Көптің көкейінде жүрген келелі ойларға Президент сөзі көпшілікке, әсіресе мемлекеттік орган басшыларына қозғау салады деп сенемін.

Мемлекет басшысының тапсырмасынан көптен бері толғандырып жүрген сұрақтарымның жауабын тапқандай болдым. Себебі ел ішінде дәстүрлі исламға қатысты кертартпа пікір айтып жүргендерге нақты жауап болды.

Сондай-ақ тұтастай қоғамды дәстүрлі исламның мәнін түсінуге және оны дұрыс түсіндіруге тоқталғаны көптің көкейінде жүрген күдікті сейілткендей болды.

Адамзат қоғамымен бірге жаралып, бірге жасасып келе жатқан, адам болмысымен табиғаты етене, көнермейтін рухани құндылықтар жүйенің негізгі реттеуші күштерінің бірі – дін. Сондықтан адамзат руханиятын дінсіз елестету қиын.

Әрқашан ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз, тарихымыз және ең бастысы дәстүрлі ислам құндылықтары  рухымызда мәңгі қалуы тиіс.

Қазақ халқы ғасырлар қойнауынан бастау алатын талайлы тарихында тәуелсіздік таңы атқанға дейін аумалы-төкпелі, қилы заманды басынан өткергенін жақсы білеміз. Дегенмен, қандай қиындық көрседе ұлтымыздың рухани санасын қалыптастырған тұлғаларға қарыздармыз. Олар қазақ топырағында дүниеге келіп, халқының қамын ойлаған хандар, аузы дуалы, сөзі өткір ақын-жыраулар, күрмеуі қиын дауларды екі ауыз сөзбен шешкен билер, ел тағдыры таразыға түскенде тайсалмаған батырлар, қалың бұқараны хақ жолына шақырған ғұлама ғалымдар мен ойшыл тұлғалар ұлттың рухани санасын қалыптастырды.

Тозаққа түсірер тұзақ

Тозаққа түсірер тұзақ

30.09.2023
Деструктивті діни ағымдардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері

Деструктивті идеологияның алдын алу – қоғамдық тұрақтылықтың кепілі

30.09.2023

Біз енді осы қалыптасқан дүниені ұрпаққа саф, таза күйінде жеткізу мәселесі тұр. Ендігі жерде жастарды ешкімге алданып қалмауға, ұлттың ұлы жолынан адаспауға шақыруымыз ләзім.

Тамыры тереңде жатқан дәстүрлі діни танымның халық санасында қалыптасу жолдарын зерттеп-зерделеу ұлттық рухани құндылықтардың бастау көздерін айқындауға, қоғам алдындағы дәстүрлі исламның құндылықтарына терең бойлап, тиянақты тұжырымдар қалыптастыруға елімізде мүмкіндік мол.

Жаһандану үдерісіне дендеп енген қазіргі қоғам мүшелеріне, әсіресе, өмірлік ұстанымдары қалыптаспаған жас буынға дәстүрлі исламның құндылықтарын дәріптеудің маңызы өлшеусіз.

Бүгінде өткен даналарымыз бен ізгі жандардың  көңілге түйген ұлағатты ойларын кейінгі ұрпаққа жеткізу, оларды дәріптеудің орнына, кейбір керітартпа ағымдардың өкілдері дәстүрлі дініміздің негізінен жастарды ажыратқысы келеді.

Осы ретте менің ең жақсы көретін мақалым – «ит үреді, керуен көшеді» деген халық даналығы. Уақыт өткен сайын халқымыздың көнермейтін рухани байлығы, дәстүрлі исламы адамзат қоғамын ілгері сүйреп, ортаймай, тот баспай ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа  ұласып келеді.

Қай заманда болмасын ұлттың санасын сілкіндіретін, рух беретін дәстүрлі исламның имандылық, тәрбие, адамгершілік мәселелері ислам ғұламаларының негізгі қызметіне айналған.

«Бір ғана Сыр бойда ағартушылық бағытта халыққа қызмет еткен ишандар мен ахундар, оқымысты ғұламалар халықты мұсылман дінінің басты ұстанымы  имандылыққа тәрбиелеген, мешіт салдырып, медреселер ашқан. Сыр елінен шыққан ағартушы ұстаздар философия, грамматика, лингвистика, шығыс тарихы мен әдебиеті, астрономия және т.б. жаратылыстану салалары бойынша кәсіби білікті болған. Бұлар негізінен Мекке, Медине, Бағдат, Шам, Ыстанбұл, Каир, Кабул, Герат, Хиуа, Хорезм, Үргеніш, Самарқанд және т.б. мәдениет орталықтарында оқыған. Өңір халқын ағартуда Бұхарадағы «Көкілташ» медресесінің орны ерекше болды. Медресе түлектерінің қатарында Сыр өңірінде өздерінің дербес мешіт-медресесін ашқан ағартушы-ұстаздар көптеп саналады. Олар Сыр өңірінде ағартушылық қызмет жүргізу арқылы ұлт мүддесін қорғаған мемлекет, қоғам және руханиат қайраткерлері», деп жазады Абай.кз ақпараттық порталына География ғылымдарының кандидаты, доцент Қали Омаров.

Бұлардың көпшілігі ұлтымыздың белгілі ағартушы-ұстаздары ретінде танылды. Олардың еңбектері, ұлттың мүддесі мен руханиятына қызмет жасады. Тіпті халқымызды рухсыздық нәубетінен құтқарды десекте болады.

Бұдан бөлек қазақ қоғамын ғасырлар бойы имандылыққа баулып келген аңыз-әпсаналар, ертегілер мен жырлар, қисса-дастандар секілді туындылар бүгінгі күні де өзінің маңызын жойған емес.

Туған топырағымыздан шыққан ғұламалардың шығармалары халықтың ділінің дұрыс қалыптасуына, дәстүрлі исламның кең қанат жаюына үлкен әсер етті. Бүгінгі таңда бұларды тек жас ұрпаққа жеткізе білуіміз керек. Егер жастар дұрыс танып-түсінбесе, бабалар жолынан адасып, түрлі теріс ағымға бой алдырады. Соңында тарихи тамырынан алыстап, рухани дағдарысқа ұрынып,  ұлтының саналы азаматы бола алмайды.

Сондықтан өскелең ұрпақтың бойына дәстүрлі исламды терең танытып, ғасырлар бойы жинақталған ізгілік тағлымдарын санасына сіңіру баршамыздың ортақ атқарар қызметіміз болып қала бермек. Еліміз аман, ұрпағымыз адаспасын.

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ,
kazislam.kz

Тегтер: басты тақырыпдәстүрлі ИсламҚұндылықТоқаев
Бөлісу2Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сайлау БАТЫРША-ҰЛЫ: Азаттықты кеш жариялауымыздың артында үлкен саясат тұрды
Сұхбат

Сайлау БАТЫРША-ҰЛЫ: Азаттықты кеш жариялауымыздың артында үлкен саясат тұрды

27.09.2023
Ислам

Домбырасыз қазақ жетім

26.09.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Еуропадағы мұсылмандар: Ағылшын еліне шолу

Еуропадағы мұсылмандар: Ағылшын еліне шолу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1594 рет бөліскен
    Бөлісу 638 Твитерге 399
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    862 рет бөліскен
    Бөлісу 345 Твитерге 216
  • Қожа Ахмет Ясауи хикметтері – тәрбиелік құрал

    648 рет бөліскен
    Бөлісу 259 Твитерге 162
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4998 рет бөліскен
    Бөлісу 1997 Твитерге 1248
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7542 рет бөліскен
    Бөлісу 3017 Твитерге 1886

Соңғы жарияланымдар

Тозаққа түсірер тұзақ

30.09.2023
0
Тозаққа түсірер тұзақ

Толығырақ оқу

Деструктивті идеологияның алдын алу – қоғамдық тұрақтылықтың кепілі

30.09.2023
0
Деструктивті діни ағымдардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері

Толығырақ оқу

Исламда не үшін білімнен бұрын тәрбие қажет?

29.09.2023
0

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00