«Универсал-банк» бөлімшелерінің бірін жарып жіберемін деп қорқытқан Өзбекстан азаматы Сухроб Кәрімов екі айға кепілдік құқығынсыз қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан Киев прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Киев қаласының Печерск аудандық соты астаналық прокуратураның өтінішін қанағаттандырып, 2020 жылдың 3 тамызында Киев орталығындағы банкті жарып жіберемін деп қорқытқан Өзбекстан азаматына қамауға алу түріндегі баламасыз бұлтартпау шарасын таңдады.

Тиісті шешім 2020 жылдың 5 тамызында өткен отырыста қабылданды», – делінген ресми хабарламада.

Кәрімовке Украинаның Қылмыстық кодексінің 258-бабының 1-бөлімі («Террористік қылмыс жасау  немесе қатер туғызу») бойынша айып тағылуда. Осы бап бойынша күдіктілер бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 3 тамызда Сухроб Кәрімов Киевтегі «Леонардо» бизнес орталығындағы банк бөлімшесіне кіріп, оның рюкзағында бомба болғанын хабарлады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Еуразияда бейбіт және тұрақты болашақ қалыптастыруда зор серпіліс керек – Тоқаев

Ол бөлім бастығынан басқа барлық қызметкерлерді босатты, басшыны кепілге алды.

Ер адам 40 мың гривен (1,44 мың доллар) және журналистермен тілдесуді талап еткен. Арнайы операцияның нәтижесінде Кәрімов ұсталды: ол тікелей эфирде екендігіне көз жеткізген соң ұсталды.

Екі украиналық телеарнаның журналистері қылмыскерді  басып алу операциясына ерікті түрде қатысты (шабуылдаушы БАҚ-та жариялауды талап еткенін тағы бір рет еске түсіреміз).

Ғимаратты тексергеннен кейін, Кәрімовтың жалған сөйлегені белгілі болды: бомба да, қауіпті құрылғылар да табылған жоқ. Кейін, өз отаны Өзбекстанда оның психоневрологиялық есепте тұрғандығы белгілі болды.

Пікір жазу