Сұрақ: Біз пәтерде тұрамыз, үйде мысығымыз бар. Сол себепті оны кестіруге (кастрация) рұқсат па?

 Жауап: Негізінде жануарға бір зияны тимесе де, оны зарарсыздандыруға болмайды.

Алайда үй жағдайында өмір сүретін мысық немесе сол секілді жануарлардың мәселесі арнайы қарауды қажет етеді. Ондай жануарлар өзі өмір сүретін ортасынан тыс басқа да жануарлармен бір арада болған кезде, түрлі аурулар жұқтыру мүмкін. Сол себептен үй жануарының өзіне де, үй иелеріне де зиян келу қауіпі бар.

Ал енді зарарсыздандыру секілді процедуралардың жануарларға зиянынан көрі пайда әкеледі, тіпті олардың өмірін ұзартады дегендер де бар. Сондықтан әдетте мұндай жағдайда, жануарды зарарсыздандыру: «Зиянның алдын алу және пайда тигізу» қағидасын басшылыққа ала отырып рұқсат етіледі. Бірақ, бұлай жасау үшін ветеренардың нұсқауы және үзірлі жағдайлардың болуы тиіс.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Ислам терроризмді қолдай ма?

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу