Сұрақ: Бауырым үйде құс асырағысы келеді. Оны қапаста ұстауға бола ма?

Жауап: Алла жер бетіне адамды халифа (патша) етіп жаратқан уақытта мұндағы мақұлықатты (жаратылысты) оған қызмет үшін жаратқан. Бірақ, біз мұны қате тұсінбеуіміз қажет, яғни, бұл аят адамға қоршаған ортаға, керемет табиғатқа немесе ғажайып мақұлықаттарға зиянын тигізсе болады деген мағынаны білдірмейді. Кез келген нәрсенің өлшемі, шамасы және мөлшері бар. Исламда мөлшерінен, шамасынан асқан нәрсеге тыйым салады.

Ал енді қапаста құс асырауға келсек, имам Құртуби өзінің тәпсірінде: «Әсемдік үшін пайдаланып жатқан нәрселердің барлығы мәкруһ емес. Тек шариғатта тыйым салынған дерек келсе немесе рия мақсатында болса ғана тыйым салынады», – деп айтқан.

Демек, егер құсты жақсы көріп, өзіне оның дауысы мен түсі ұнап әсемдік ретінде ұстайтын болса, зияны жоқ. Бастысы адам, мақтану немесе тәкаппарлық пен құдіретін көрсету ниетімен ұстамауы міндет. Мұсылман адам қолдағы жануарға, құсқа зиянын тигізбейді. Ислам оған қатаң тыйым салған.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу