Ресейдің аралас жекпе-жек бойынша UFC чемпионы Хабиб Нұрмағанбетов Рамазан айындағы жаттығуы жайында айтып берді, деп хабарлайды Lenta.ru.

«Рамазанда күніне екі жаттығудан өткіземіз: ауызашарға дейін және сәресіге дейін. Қауіпсіздік сақтап жаттығуға тырысамыз, себебі күні бойы су ішпейсің, тамақ жемейсің, ал адам ағзасы күн соңына қарай әлсірейді. Сауатты жұмыс жүргіземіз» дейді спортшы.

«Негізінен грэпплинг жасаймыз, денені шынықтырамыз. Жекпе-жекке көп шықпауға тырысамыз. Мұндай айда бір-бірімізді беттен ұрғымыз келмейді. Ешқандай арнайы тамақтану режимі жоқ – тек күні бойы ешнәрсе жемейміз. Түнге қарай жейміз, бірақ көп ішіп-жеуден сақтанамыз» дейді Нұрмағанбетов.