4 маусым. KAZISLAM – Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасына қарасты Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен Ақтау халықаралық әуежайында діни экстремизм мен терроризмге қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстары Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған.

«Діни экстремизм – қатерлі құбылыс» тақырыбында өткен жиын барасында Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты, заманауи ақпараттық технологиялардың қоғамдық өмірдегі орны, ұлттық қауіпсіздік, діни сауаттылық тақырыптары қозғалды.

Жиын соңында әуежай ұжымына терроризм мен радикалды ағымдардың соңына ерудің соңғы нәтижелері мен салдары баяндалған бейнероликтер көрсетілді.