KAZISLAM – ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасымен және Дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесіп Өскемен қаласындағы ҚАЖД ОВ 156/3 түзеу мекемесінде «Рухани бірлік – басты байлық» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Бұл шараға ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы және облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшылығы, мамандарымен теологтары қатысты.

Бас имам кездесуде жазасын өтеушілерге рухани тұтастықтың маңыздылығы жайлы айтып, «Ең бастысы рухани бірлікті сақтауымыз керек. Дәстүрлі ислам рухани кемелдікке, ұлттық құндылықтарды нығайтуға, өзара бауырмалдықты құрметтуді насихаттайды. Мұсылман қауым дәстүрлі ислам құндылықтары жолында тұтастықта болса бірлігі мызғымас берік болады. Мұсылман бірлігі-дәстүрлі дініміздің алынбас қамалы іспетті» деп ерекше атап өтті. Кездесуде жазасын өтеушілерге мемлекеттің дін саласындағы саясаты түсіндірілді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Діни басқарма 7 бағытқа басымдық береді

Шара аясында жазасын өтеушілер арасында діни сауалдардан жарыс өтті. Оған «Ақ ниет», «Ақ орда», «Ақ Жайық» атты 3 топ қатысып, діни білімдерін сарапқа салды. Сайыста өзгелерден білімдерімен топ жарған жеңімпаз топқа және қатысушыларға өкілдік атынан сыйлықтар және алғыс хат табыс етілді.

Түзеу мекемесінің басшылығы ерекше форматта өткен оңалту шарасын ұйымдастырған өкілдікке зор ризашылығын білдірді.

Пікір жазу