Түркияның құқық қорғау органдары ИМ байланысы бар деп айыпталған Ирактың сегіз азаматы ұсталды, деп хабарлайды REGNUM Anadolu Ajansı-на сілтеме жасап.

Тұтқындау ел астанасы – Анкара қаласында өтті. Ұсталғандар мемлекет аумағына заңсыз кірген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандардың барлығы ИМ (ҚР қызметі тыйым салынған ұйым) қатарында бірқатар шиеленіс нүктелерінде соғысқан.

Естеріңізге сала кетейік, «Ислам мемлекеті» содырлары Түркияда 315 адамның өмірін қиған бірқатар лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырған.

Пікір жазу